Құмсалғыштар
Құмсалғыштар

- от 0,3м

- 3+
Сипаттамалары
Спецификация - Қаңқасы – құрылмалық болат, жабыны – мырышпен қапталған, полимер ұнтақпен немесе екі компонентті полиуретан-акрилді эмальмен боялған (RAL 9022). Панельдері – жасыл түсті полипропилен 20 мм/ ПНД (төмен қысымды полиэтилен).Қаңқасы - ағаш, жабыны – антисептик, террасалық атмосфераға төзімді май немесе ағашқа арналған атмосфераға төзімді акрилді эмаль.
Суреттемесі
Балаларға арналған құмсалғыш – балалар жиналып ойнайтын ойын алаңының элементі ғана емес. Онда бала ең маңызды әрекеттердің бірін жасайды – құрылыс салады, бір нәрсе жасап шығарады, қалыптастырады. Жеке шығармашылығы арқылы әлемді және оның физикалық қасиеттерін танып біледі. Балаларға арналған құмсалғышта ойнаған кезде балақай зияттық тұрғыда дамиды, ал егер бұл ретте балалар бір-бірімен өзара әрекеттесетін болса, эмоциялық тұрғыда даму орын алады. Құмсалғышта ойнау қандай пайда береді? - қиял өрісін кеңейтеді; - геометриялық пішіндер және бұйымдардың физикалық қасиеті туралы алғашқы түсінік қалыптастырады; - қол моторикасын, түйсінуді дамытады; - балаға тіл тапқыштықты үйретеді. Құммен ойнай отырып. балалар қоршаған әлемді таниды, заттардың қасиеттерімен танысады. Бұл ойындар ұсақ қол моторикасын, іс-қимыл үйлесімін дамытуға жәрдемдеседі, сондай-ақ «көп/аз», «жылдам/баяу», «қысқа/ұзын», «биік/төмен» деген секілді маңызды ұғымдармен таныстырады.






