Біз туралы
«VIP-МАФ» ЖШС 2022 жылы жазда құрылғанымен, көптеген адамдар командамыздың кәсіпқойлығына баға беріп үлгерді. VIP-МАФ «ЭЛМАФ» ЖШС-нің Қазақстан Республикасы аумағындағы ресми эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады. VIP-МАФ жобаларды орындауға әрдайым жауапкершілікпен кіріседі. Әр жобаға қатысты жеке шешім мен дизайнерлік тәсілдеме қолданылады. Біздің мақсатымыз – Қазақстандағы әрбір қаланы қауіпсіз, сенімді, дамытатын жарқын және бірегей спорттық және ойын алаңдарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Шағын сәулеттік пішімдердің эксперименттік зертханасы болып табылатын «ЭЛМАФ» ЖШҚ балалардың ойын алаңдары мен спорттық алаңдарға арналған жабдықтарды өндіру саласындағы озық технологияларды енгізу үшін және аула аумақтарын заманауи урбанистикалық стильде абаттандыру үшін 2018 жылы құрылған.
ЭЛМАФ дегеніміз:
- тәжірибелі кәсіпқойлар командасы
- қазіргі заманғы бірегей дизайн
- сенімділік және қауіпсіздік
- әр кезеңінде жұмыстың орындалуын қатаң бақылау
- өнімге арналған кепілдік
- ең жаңа технологиялар бойынша озық жабдықта өндіру
- баға мен сапаның оңтайлы арақатынасы
- клиенттермен серіктестік қарым-қатынастар
Қазіргі таңдағы қалалық орта күрделі әрі қызықты болып табылады. ЭЛМАФ дегеніміз — әдеттегі қалалық ойын және спорт кешендері аясын кеңейте отырып, алға қарай жасалған қадам. Жас және өршіл дизайнерлер мен сәулетшілердің тың көзқарасы, аудан стиліндегі немесе қалалық ортаның басқа сегменті стиліндегі «сақадай-сай» жеке әзірленім.
Растау хаты
Сұрақтарыңыз бар ма?
Есіміңізді және телефон нөмірін қалдырыңыз, біз Сізге хабарласамыз