Әткеншектер (ағаштан және металдан жасалған)
Әткеншектер

- от 0,45м до 1,6м

- 3+
Сипаттамалары
Спецификация - Ағаштан (Қаңқасы – антисептикпен және ағашқа арналған террасалық атмосфераға төзімді маймен 2 қабат өңделген ағаш. Аспалары - 16мм арқауланған арқан. Фурнитурасы жемірілуге төзімді материалдардан жасалған). Металдан (Қаңқасы – антисептикпен және ағашқа арналған террасалық атмосфераға төзімді маймен 2 қабат өңделген ағаш. Аспалары - 16мм арқауланған арқан. «Ұя» әткеншегі – ауырлатылған тоғын, шығыршықтың ішіндегі өрім – диаметрі 16 мм төрт тұтамды жұмсақ арқан. Фурнитурасы жемірілуге төзімді материалдардан жасалған)
Суреттемесі
XVI ғасырда серілер сайысының орнына келген мерекелер әткеншектер деп аталған. Әткеншек жиі жағдайларда жылқы балетін және салт аттылардың көрнекі өнер көрсетуін қамтыды. Мерекелер қатысушылардың да, көрермендердің де сәнді киінуімен ерекшеленді және көпшіліктің назарын аудартты. Салт аттылардың көрнекі өнер көрсетуін келтіре отырып, француз инженерлері XVIII ғасырда ағаш жылқылар орнатылған айналмалы платформа түрінде аттракцион сала басады. Әрине, әткеншектер қарапайым айналмалы конструкциялардан бастап, гидравликаның көмегімен күрделі қозғалатын әткеншектерге дейін бірте-бірте дамыды. Бүгінгі таңда педиатрлар мен жаттықтырушылар баланың қалыптасып келе жатқан ағзасы үшін алтыбақандар мен әткеншектердің аса пайдалы болып табылатындығымен бірауыздан келіседі. Негізгі тұстары: - вестибулярлық аппараттың жұмысы жақсарады; - дене мүсіні дұрыс қалыптасады; - аяқ және арқа бұлшықеттері нығаяды; - іс-қимыл үйлесімі дамиды. - батылдық арта түседі және оң эмоциялар қалыптасады. Мұндай ойын тек балалар үшін ғана пайдалы болып табылмайды. Дәрігерлер ұзақ күйзелістен, депрессиядан емделу үшін оны егде адамдарға, сондай-ақ созылмалы шаршағыштықтан зардап шегетін ересек адамдарға ерекше ұсынады. Тербелу үдерісі жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді, сондықтан, кез келген жаста мұндай рахаттан бас тартпаған жөн.










