Бизибордтар
Бизибордтар

- 3+
Сипаттамалары
Спецификация - Қаңқасы – құрылмалық болат, жабыны – мырышпен қапталған, полимер ұнтақпен немесе екі компонентті полиуретан-акрилді эмальмен боялған (RAL 9022). Панельдері, қоршауы – полипропилен /HPL. Фурнитурасы жемірілуге төзімді материалдардан жасалған.
Суреттемесі
Бизиборд (ағылш. busy board, «қызықты тақта» деп аударуға болады) баланың ұсақ қол моторикасын белсенді түрде пайдалануы есебінен нейродинамикалық жаттықтырғыш қызметін атқарады. Балақай жіптерді шешеді, ысырмаларды шертеді, бұйымдарды берілген қисық сызықпен қозғалтады, осылайша шынайы өмірде аса қажет болатын машықтарға қол жеткізеді. Ол өзі байқамастан іс-қимылдың күші мен дәлдігін үйлестіруді үйренеді, сондай-ақ көзбен мөлшерлеуді, саусақтың сезімталдығы мен ептілігін дамытады. Ойынға арналған жаттығу құрылғылары есте сақтау қабілетін дамытады, жадайды адекватты түрде бағалауды және тиісінше әрекет етуді үйретеді. Бизибордтағы ойжұмбақтар баланы шыдамдылыққа, сабырлылыққа және жігерлілікке баулиды.










